Қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге жұптық сында елордада Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты,– деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен В.Троицки ширек финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко – грузиялық Александр Метревелимен кездесуі керек еді. Турнирдің ресми өкілінің мәліметіне қарағанда, А.Метревели жаттығу кезінде бұлшық етін созып алған.
Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп ойнамастан жартылай финалға жолдама алды. Олардың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.