"Облыс өңірлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін күшейіп, боран соғып, жолдар жабылды. Атбасар ауданы Есенгелді ауылының тұрғынына жедел жәрдем келе алмады. Дәрігерлер құтқарушыларға жүгініп, әйелді құтқару үшін жоғары деңгейдегі "Бронто" бірге шықты. Қатты боранның салдарынан жол іс жүзінде көрінбеді. Құтқарушылардың бірі жол талғамайтын көліктің алдынан жүгіріп, жолды көрсетуге мәжбүр болды. Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қан кетуді тоқтаттық. Бірақ өкінішке орай, зардап шеккен әйелдің құрсағындағы баланы құтқару мүмкін болмады", – дейді Атбасар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Ашкенов.Құтқарушылар облыс тұрғындарынан "112" қызметінен СМС хабарлама алған кезде елдімекендерден тыс жерлерге шықпауды, сондай-ақ жабылу орындарындағы автожолдарда көлік құралдарының жиналуын болдырмауды сұрайды.
«Облыс тұрғындары кез келген уақытта ауа райы болжамының өзгеруі туралы, сондай-ақ жолдардың жабылуы туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасын жүктеу арқылы бақылай алады. Онда барлық қажетті ақпарат уақытылы жаңартылып отырады немесе 1403 нөміріне хабарласуға болады», – дейді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыздан бастап Ақмола облысында ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы