«Қазгидромет» РМК еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жариялады.
Нұр-Сұлтан қаласында 7-8 наурызда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында 8 наурызда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Қызылордаоблысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында 8 наурызда күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәулік бойы 08 наурызда кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстаноблысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.