ҚР ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу қойылған автожолдарға қатысты ақпарат таратты.
Ақпаратқа сәйкес, еліміздің төрт облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілген.
Солтүстік Қазақстан облысында сағат 18:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) бағыттағы автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ақмола облысында сағат 18:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты жолдағы автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Көкшетау-Рузаевка »(0-61 км. учаскесі Көкшетау-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Көкшетау-Омбы» (2-50 км. учаскесі Көкшетау-СҚО шекарасы);
«Нұр-Сұлтан-Петропавл» (304-341 км. Көкшетау учаскесі-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Қостанай облысында 18:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді:
«Мамлютка-Қостанай» (180-250 км. Солтүстік Қазақстан облысының шекара учаскесі - Ұзынкөл ауылы);
«Екатеринбург-Алматы» (687-729 км. Сарыкөл елді мекені-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты сағат 20:00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановский жолында көліктердің барлық түрлеріне жол қозғалысына шектеу енгізілетіні туралы хабарланды.