8 наурызға ауа райы болжамы
8 наурызға ауа райы болжамы
255
оқылды
«Қазгидромет» жариялаған мәліметтерге қарағанда, 8 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.