14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды
14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп қайтыс болды
311
оқылды
7 наурызда  Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыздың секіріп кеткені белгілі болды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының айтуынша, жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.