Әлеуметтік желіде ішкиіммен балконда асылып тұрған ақтаулық ер азаматтың видеосы таралды.
Видеода балконда асылып тұрған азаматты бірнеше адам қолынан тартып, кері көтеріп алғаны байқалады. Оқиға куәгерлері Ақтау тұрғынының бұл әрекеті қайғыға ұласпағанына қуанып жатты. Бұл туралы stan.kz ақпараттық порталы жариялаған болатын.
Маңғыстау облысының полиция өкілдері ер азаматтың мас болғанын айтады. Әйелімен болған жанжалдан кейін ол осылай жасаған.
"Ер азамат әйелімен сөзге келіспегендіктен көпқабатты үйден секірмекші болып әрекеттенген. Полицейлер ерлі-зайыптыларды бөлімшеге жеткізген. Ер азамат осылайша әйелін қорқытпақшы болғанын айтты. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді ПД өкілдері.