«Дәмханадан шыққан соң жергілікті жігіттер жаңа таныстарынан картасын беруін талап еткен. Ал онда жігіттің көлік аламын деп шыққан ақшасы болған. Жәбірленуші қарсылық танытқан. Дегенмен үш жігіт жабылып, оның телефонын тартып алыпты», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Полицейлер оңтүстік астанадан келген қонаққа шабуыл жасады деген күдікпен 23, 28 және 29 жастағы үш жергілікті тұрғынды ұстады. Олардың бірі қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін бұрын сотталған болып шықты.
«Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-тармағы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді қамауға алу туралы процессуалды шара қабылданды»,– деп толықтырды ведомстводан.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы