Белгілі болғандай, республика бойынша елді-мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 14,7 млн м3 қар шығарылыпты. «Қазгидрометтің» алдын-ала болжамы бойынша ылғал қорының көлемі Ақмола облысындағы Шағалалы өзені бассейнінде нормадан 54%-ға, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзені бассейнінде 50%-ға, Ақтөбе облысындағы Елек өзені бассейнінде (Ақтөбе су қоймасына ағын) 39%-ға жоғары.Су басу қаупі жоғары аймақта тұратын халыққа тиісті оқыту және ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ресми ақпаратта.Белгілі болғандай, бұл елді-мекендегі халыққа 964 рейд жүргізіліп, 966 жиын өткен. Одан бөлек, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл қағидалары бар 189 266 жадынамалар таратылыпты.Аймақтардағы жылда қайталанатын су тасқынына Үкімет тағы қандай шаралар қолданды? Елді-мекендерді су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілген. Оны іске асыруға республикалық бюджеттен 131,6 млрд теңге және жергілікті бюджеттерден 28,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Алдағы үш жылға барлығы 160 миллиардтан астам қаражат қарастырылды. Бұған дейін 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін дәл осындай Жол картасы енгізіліп, оған республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге және жергілікті бюджеттерден 20,3 млрд теңге, шамамен жалпы 42 миллиард теңге жұмсалған еді. Бұл бағдарламаға су басу қаупі жоғары ШҚО әкімі Даниал Ахметов кезінде сыни пікір айтқаны есімізде. Оның айтуынша, бірқатар ведомстволар «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына қол қойған, бірақ Жол картасы бойынша ештеңе жасалмаған. Д. Ахметовке бағдарламаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу керек деген тұсы ұнамаған.
[caption id="attachment_118379" align="alignright" width="248"] http://semeyainasy.kz[/caption]
«Жабдықтар жоқ. Биыл тағы да әкімдік 500 миллион теңге бөлді. Онда неге бұл бағдарламаларды іске асырып отырмыз? Кім үшін? Әкімдік бұл бағдарламаға қол қоймады. Құжаттарды ашып қараңыздар! Барлығы жергілікті бюджеттен төленетін болса, онда біз бағдарламаны министрліксіз өзіміз құрамыз», – деді Д.Ахметов.
Әкімнің қарсылығына қарамастан, бағдарламаның былтыр екінші толқыны басталды.Республикалық және жергілікті бюджеттен жоспарланған қаражаттан бөлек, әкімдіктегі «шұғыл шығындарға» деген ақша да осы су тасқыны кезінде жұмсалады екен. Жақында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл әкімдіктер шұғыл шығындарға 38,1 млрд теңге жұмсағанын айтты. Айта кетерлігі, жаңа жол картасы алдыңғыға қарағанда 118 млрд теңгеге артық екенін көріп отырмыз.Былтырғы көктемде су тасқынына қарсы шараларды талқылауға арналған жиында сол кездегі ішкі істер министрінің орынбасары, қазіргі төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елімізде су тасқыны жылдан-жылға қайталанатынын, республикалық және жергілікті қаражат есебінен қаншама ақша бөлінетінін мойындаған еді. 2017 жылы еліміздегі бірнеше аймақты бірден су басқан кезде республикалық және жергілікті бюджеттен шамамен 12 миллиард теңге бөлінгенін де жасырмады.Бұған дейін бөлінген 42 миллиард теңге қайда кетті? Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімет бойынша, су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін республика бойынша үш жүзден астам елді мекенде (315) су басу қаупінің туындауына жол берілмеді және тағы да үш жүз он төрт елді мекенде қауіп-қатер барынша азайтылды.Төрт жыл ішінде өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, өзендердің неғұрлым қауіпті учаскелерінде инженерлік-қорғау жұмыстары (жағалауларды нығайту, өзен арналарын тереңдету, түзету) жүргізілді, 11 мың километрден астам каналдар мен арық жүйелері (11,8 мың км.), автомобиль және темір жолдарда орналасқан 11 мыңнан астам су өткізу құрылыстары (11 534) тазартылды, 150 километрге жуық қорғау бөгеттері мен валдары (148 км.) тұрғызылды, 26 гидротехникалық құрылыс жөнделіпті.Нұр-Сұлтанды су басу қаупі жоғары ма?Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласына жақын Вячеслав су қоймасындағы судың мөлшері 70 пайыз. Бірақ, бұл су тұрғындардың қажеттілігіне беріледі. Бөгет орналасқандықтан су басу қаупі жоқ.
[caption id="attachment_118382" align="alignnone" width="677"] ult.kz[/caption]
Көктемгі су тасқыны кезінде ірі қалаларды су баспас үшін құрамында 1 057 бірлік су айдау құралы, жеке құрамнан 10 676 адам, 1 886 бірлік техника, 308 жүзу құралы дайын.Айта кетерлігі, былтыр елордада су басуы мүмкін 37 аумақ анықталған болатын.Су қоймасын салу тиімді ме?Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев республика бойынша тоғыз облыста жылына жалпы көлемі 3,6 миллиард текше метрді құрайтын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланғанын айтты. Бұл жоспарды іске асыру үшін 115 миллиард теңге қажет. Министрдің айтуынша, су қоймаларын салу 70 елді мекеннің су тасқыны қаупін азайтады. Тіпті, трансшекаралық өзендердегі су көлеміне тәуелділікті азайтпақ. Мысалы, Қырғызстанмен трансшекаралық өзендердегі тәуелділікті - 30% -ға, сол сияқты Өзбекстанмен - 25%-ға, Ресеймен - 15%-ға азайту жоспарланып отыр.
[caption id="attachment_118384" align="alignnone" width="600"] 24.kz[/caption]
Эколог мамандар керісінше, су қоймалары көктемгі қар еру кезіндегі аймақтарды су басу қаупін арттыратын, мемлекеттік қазынадағы қаражатты босқа шашатын жоба деп бағалайды.Техника ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Бөрлібаевтың айтуынша, Қазақстан жыл сайын қолдан жасалған проблемамен күресуде.
«Елдегі көктемгі су тасқыны жылдық өзен ағынының 80%-ын құрайды. Сонымен қатар, өзендер мен көлдердің экожүйесін сақтауда үлкен рөл атқарады. Біз оларды су тасқынына қарсы күрес ретінде су қоймаларында сақтауға тырысамыз. Бұл дұрыс емес», − дейді ғалым.
Жыл сайын су тасқынынан зардап шегетін елді-мекен тұрғындары шенеуніктерді төтенше жағдайлардың алдын алудан гөрі «салдарымен күресу» және қаражат бөлу көбірек қызықтырады деп санайды. Оған негіз де жоқ емес. Осыдан төрт жыл бұрын астанаға жақын Атбасардағы жүздеген үйді су басты, тұрғындарды уақытша қоныстарға тура келді. Бір қызығы, ауқымды су тасқынынан бірнеше апта бұрын билік төтенше жағдайға дайын екендігі туралы хабарлап, қала арқылы ағып жатқан Жабай өзеніне салынған бөгеттің берік екенін, қауіп-қатердің жоғын мәлімдеген-ді. Бірақ, құны 200 миллион теңгенің құрылысы су тасқынына төтеп бере алмады.
[caption id="attachment_118385" align="alignnone" width="900"] qazdauiri.kz[/caption]
Бір жылдан кейін Атбасар облысының әкімі болған Андрей Никишов бөгет салу кезінде ақша жымқырды деген айыппен 10 жылға сотталды. Айта кетерлігі, зардап шеккендерге өтемақы төлеуге және жаңа үйлер салуға билік бюджеттен жүздеген миллион теңге жұмсады. Атбасарда су басу қаупі әлі шешілген жоқ. 2009, 2014 және 2017 жылдары Атбасарда ірі су тасқыны болды. Бұл жағдайдың ешқайсысына билік дайын болмай шықты. Облыстар су басу қаупіне қанша қаражат бөледі?БҚО-да тасқын суды бақылауға биыл 1,5 млрд теңге бөлінді. Бұл облыста өзендерді әлі мұз басып жатса да, су объектілеріне жақын орналасқан елді мекендер мен саяжайлардың тұрғындарына су тасқыны болуы мүмкін деген хабарлама тарады. Облыс басшылығы су тасқынына сақадай-сай екендерін айтады. Ал тасқынға Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен 2 миллиард теңге қарастырылған. Қазір облыстағы бес аудандағы елді-мекенді су басу қаупі төніп тұр. Айта кетерлігі, республиканың барлық су қорының 40%-ы Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған, облыс арқылы 800-ден астам өзен ағып өтеді. Жалпы жыл сайын облыста жүзден астам елді-мекенді су басады. Биылғы жылы облыстағы ең қауіпті аймақтар қатарына Көкпекті, Тарбағатай, Глубоковский, Марқакөл аудандары мен Алтай аймағының (бұрынғы Зыряновск) 19 елді мекені еніп отыр. Жергілікті атқарушы органдар су басуы мүмкін 108 елді-мекенде жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. Мұздарды жару жұмыстарына бюджеттен 162 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, шұғыл қажеттіліктерге облыстық бюджетте 1,8 миллиард теңге қарастырылған.
[caption id="attachment_118386" align="alignnone" width="690"] zakon.kz[/caption]
Бұған қоса, Бесқарағай, Катонқарағай, Тарбағатай, Алтай аймағы және Зайсан қаласындағы қорғаныс шараларына облыстық бюджеттен 162 миллион теңге бөліну жоспарлануда. Шығыс Қазақстан облысында 2018 жылы болған су тасқыны кезінде еріген су жүз үйді басып қалған еді. Глубоковский, Аягөз және Ұлан аудандары қатты зардап шекті. Сол жылы су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, тасқынынан келген залал көлемі 3,2 миллиард теңге. Ал былтыр Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға шамамен 1,6 млрд бөлінген. Жылда су тасқынынан зардап шегетін Павлодар облысы биыл су басу қаупіне жергілікті бюджеттен 1,67 млрд теңге қарастырып отыр.