Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы есірткі құралдарын ірі жеткізушілердің бірі болып шықты,– деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
– Сағат 09:35-те Павлодар қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді. Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орыннан алынған 1 келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды,– деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.