Нұр-Сұлтанда бірыңғай тұрғын үй тарифін қымбаттату кімге тиімді?
Нұр-Сұлтанда бірыңғай тұрғын үй тарифін қымбаттату кімге тиімді?
185
оқылды

Мүлік иелері бірлестіктерін құру мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда астанада тұрғын үй тарифін біріздендіру мәселесі айтылды.

«Тарифті қайта қарау мүмкіндігін зерделеу керек сияқты. Астанада 1997 жылдан бері тарифі көтерілмеген үйлер бар. Ондай үйлердің тұрғындары тарифтегі өзгерістерді айтарлықтай ауыр қабылдап жатады», – деді iQamal қауымдастығының басшысы.

«Қазақпараттың» жазуынша, бұл ұсынысты қолдаған қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Қаналимов тарифке қатысты бұл мәселені жан-жақты қарастыру керек деген ой айтты.

«Қала бойынша нақты бір тарифті бекітуге болады деп ойлаймын. Бұрын тұрғын үй қорын күтіп ұстаудың ережелері болды емес пе? Осы тұстарды ескере отырып, мәселені кеңінен қарау керек деп ойлаймын. Өйткені, тарифтер шынымен де 15 теңгеден бастап 120-150 теңгеге дейін барады. Мұның бәрі, бірінші кезекте азаматтардың төлем қабілетіне байланысты», – деді Ерлан Қаналимов.

Бұған дейін қала әкімі Алтай Көлгінов «Жеті бөшкеден» бастап жерге кіріп бара жатқан жаңа үйлердің мәселесін айтқан болатын.