Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады
Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады
158
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
«Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», – деді Ерлан Қиясов.
Оның айтуынша, егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген екен. «Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», – деді бас санитар.