Елімізде 8 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Ақтөбеоблысында 19 наурызда кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с -қа жетеді. Қостанай қаласында ертең күндіз көктайғақ болуы ықтимал
Қарағанды облысында 19 наурызда кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Қарағанды қаласында ертең күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.