Батыс Қазақстан облысында алаяққа сенген тұрғын 1 млн теңгесінен айырылып қалды,– деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақсай қаласында тұратын әйел 53 жастағы тұрғынға Whatsapp мессенджері арқылы ақшасын көбейтіп беремін деп, уәде берген.
Ақыры оның 1 млн теңгесін жымқырып кеткен.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы әйел ұсталды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.