Әнші Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды. "Қаралы хабарды әншінің досы Сәкен Майғазиев жеткізді", – деген ақпаратты БАҚ жариялай бастады.
"Тоқтар досым, АЛЛА анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анамызға Фирдаус Жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай",– деп жазды Instagram-парақшасында Сәкен Майғазиев.
Хабарды естіген әншінің жақындары Тоқтар Серіковке басу айтып жатыр. Әншінің жары да әлеуметтік желідегі парақшасына "қаралы сурет" жариялады.