Мәскеулік ер адам жұрттың көзінше қарындасын пышақтап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Мунир Асадов 40 жастағы Лейла Абасоваға Котельникиде көшедегі адамдардың көзінше шабуыл жасаған. Ол әйелдің көкірегіне және ішіне бірнеше рет пышақ сұғып, қаруын қарға лақтырып, қашып кеткен.
Таныстарының сөзінше, қайғылы оқиға қарсаңында Лейла анасына азаматтық жұбайымен қарым-қатынасын заңдастыруды жоспарлап отырғанын айтқан. Әйел жүкті екенін білген. Отбасына болашақ күйеу баланың шығу тегі ұнамаған, сондықтан Лейланың таңдауын мақұлдамаған. Алайда әйел шешімінен бас тартпаған. Содан кейін анасы үлкен ұлы Мунирге бәрін айтып және қарындасымен сөйлесуді сұраған екен.
Қазіргі уақытта шабуылшы ұсталды. Мунир Асадов өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, қарындасы "Өзіне лайықты жазаны алды. Ол күнәқар болды",– деді ер адам.
Оқиғаның видеосын мына жерден көре аласыздар.