"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесуінде шығармашылық жоспарлары туралы айтты.
«Музыкамен жұмыс істеуді жалғастыру жоспарда бар. Мен теміржолдан бір жыл бұрын кетіп қалдым. Ал жастарға келетін болсақ, бұл олар үшін үлкен мотивация деп ойлаймын. Бұл жерде барлығы сыбайлас деп ойлайды (музыка индустриясында – автор), алайда бұл дұрыс емес, – деді Иманбек. –Коннекторлар туралы (басқа музыканттармен) айтатын болсақ, бұл – керемет, бірақ бұл – менеджменттің жұмысы. Егер мен жай ғана сол Рита Ораға жеке хабарлама жазсам, ол мүмкін жауап бермес еді, мұның бәрі менеджерлер арқылы жасалады».Диджей ремиксті кездейсоқ таңдағанын және тәжірибе жасағысы келгенін айтты. Ол номинация бойынша жеңіс туралы алдын ала білмеген, бірақ бір үміт болған. «Бұл жетістік арқылы Павлодар облысында шығармашылығына ешбір шектеу қойылмайтын нағыз талантты адамдар өмір сүретінін дәлелдедің. Осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймын және қол жеткізген жетістіктеріңмен тоқтап қалмауды тілеймін. Алдағы уақытта қызықты әрі табысты карьера күтіп тұрғанына сенімдімін»,– деп жазды өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов.