Сенат төрағасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Сенат төрағасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
171
оқылды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Әз-Наурыз – татулық пен достықтың, ырыс пен ынтымақтың, ізгілік пен жақсылықтың мерекесі. Жаңару мен жасампаздықтың нышаны. Бұл күндері төл құндылықтарымыз төрге озып, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптеледі. Тереңнен тамыр тартатын осынау мейрам тәуелсіздігіміздің арқасында қайта түлеп, ұлт руханиятының өрісін кеңейтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурызда қоғамды ұйыстырар құндылықтарға басымдық берудің маңызы зор екенін айтқан еді. Шын мәнінде, алдағы уақытта мерекенің мән-мазмұнын одан әрі арттыра түскеніміз абзал.
Келіп жеткен жаңа жылымыз еліміз үшін құтты да қайырлы болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасай берсін!»,– деп жазды ол Facebook-те.