Суда жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Баландин Түркиядағы турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта жүзуден үздік атанды.
Сол турнирде Александр Варакин де еркін стильде 50 метр қашықтықта жүзіп, алтын жеңіп алды. 200 метр қашықтықта Әділбек Мусин бесінші, Анастасия Резванцева 100 метр қашықтықта төртінші болып мәреге жетті. Бағдарламаның осы түрінде (ерлер арасында) Әділ Қасқабай да төртінші орыннан көрінді.
Жарыс 18 наурызда басталды.