Интернет-дүкендерден алданған азаматтарға 13 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылған
Интернет-дүкендерден алданған азаматтарға 13 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылған
406
оқылды
Министрдің мәліметінше, 2020 жылы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне онлайн-дүкендердің қызметі туралы 689 шағым түсті. 2021 жылдың басынан 104 шағым түскен, 192 мың теңге қайтарылған. "Электронды сауда саласындағы шағымдардың көбі мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуден жалтаратын ұйымдарға қатысты болды. Әлеуметтік желілерде ғана тіркелген интернет-дүкендер, olx, satu, market сияқты сауда алаңдарынан алған тауарды айырбастау немесе қайтару мүмкін болмағанын айтып шағымданушылар көп болған. Жеткізілген тауардың сапасы жарнамасындағыдай болмай шығатын жайттар да тіркелген. Өйткені көп жағдайда тұтынушылардың тауар сапасын құнын төлемей тұрып тексеруге мүмкіндігі жоқ. Тауардың тиісті жапсырмалар мен заттаңбаларсыз, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатсыз жіберілуі, сатушы тараптың мекенжайы мен байланыс нөмірлерін көрсетпеуі, тауар сапасын растайтын құжаттарды талап ету мүмкіндігінің болмауы, жеткізу мерзімінің бұзылуы, таңдау аясының тарлығы, тауарлардың белгілі бір спектрін ғана тану, алаяқтық, 100% алдын ала төлемді талап ете отырып, төлем жасағаннан кейін хабарсыз кету сияқты келеңсіз оқиғалар тіркелді", – деді Бақыт Сұлтанов.