Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды
Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды
429
оқылды
Жалпыұлттық жоба Түркістан қаласында басталып, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкентте жалғасты. Еске салайық, Президент орман алқаптарында 2 миллиард, елдімекендерде 15 миллион түп ағаш отырғызуды тапсырған еді. «Мекенім – жасыл елім» акциясына 60 мың адам қатысып, 486 мың түп ағаш отырғызылды. Оқушылардың «Менің ағашым» челленджіне 31 мың адам қатысып, 39 мың көшет егілді. [caption id="attachment_121790" align="aligncenter" width="800"]Таза табиғат Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі[/caption] «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қоршаған орта ахуалын жақсарту бағытында тапсырмалар берді. Жалпыұлттық экологиялық шаралар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында да қарастырылған. Өзге өңірлерде де осындай шаралар ауа райына байланысты сәуірде өтеді»,– деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Түркістанда өткен шарада. Түркістандағы акция аясында қала іргесінде құрылып жатқан Жасыл белдеуге көпжылдық ағаш көшеттері егілді. «Облысымыз бойынша 3 млн 131 мың гектар орман қоры бар, оның ішінде орманмен көмкерілген алқабы 1 млн 630 мың гектарды құрайды. Түркістан іргесіндегі Жасыл белдеу аумағын келер жылға дейін тағы 3 мың гектарға кеңейтіп, толық аяқтау жоспары бар. Ал орман тұқымбақтарын дамыту үшін онда әр жылы 35-40 млн. түрлі ағаш көшетін өсіреміз», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. [caption id="attachment_121793" align="aligncenter" width="800"]Таза табиғат Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі[/caption] Түркістан облысы әкімдігі мен министрлік бірлесе қабылдаған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін өңір аумағында жалпы аумағы 110210 гектарға 170000 түп көшет егілмек. Шара барысында ардагерлердің, отандық және Түркістан халықаралық медиафорумына жиналған түркітілдес елдер БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы Ботаникалық баққа да ағаш отырғызылды. Жаңа әуежай жолындағы жеміс бауына өрік егілді. Саябақтар, аллеялар абаттандырылып, сенбілік ұйымдастырылды. [caption id="attachment_121794" align="aligncenter" width="800"]Таза табиғат Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі[/caption] Мағзұм Мырзағалиев «Таза табиғат» акциясының наурыз мерекесінде, Түркістанда өткізілуінің ерекше мәні бар екенін және жобаны дәстүрге айналдыру қажет екенін айтты. «Таза табиғат» жобасы шеңберінде жоғарыда аталған барлық өңірде қоқыстан тазарту мақсатындағы «Бірге – Таза Қазақстан» жобасы жалғасын тапты. «Таза су айдындары» акциясы аясында өзен-көлдер жағасы тазартылып, бұлақ көздері, суармалы су арналары аршылды. Ұлттық парктер мен басқа да табиғи аумақтарда «Парктер шеруі» өтті.