Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды
Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды
206
оқылды
 Шекарашылар жас қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
"2021 жылғы 20 наурызда ҰҚК ШҚ Қордай ауданы бойынша басқармасының әскери қызметшілері шекара маңындағы тылдық аудандарды патрульдеу кезінде қараусыз қалған қорадан екі қолының буыны кесілген әйел адамды (1999 ж.т.) тауып алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қыз бала Қаракемерге жеткізіліп, ата-аналарының қарауына берілді, сондай-ақ, осындай әрекетке барудың себептерін анықтау үшін құқық қорғау органдарына xабардар етілді"  – делінген хабарламада.
Шешімі жоқ мәселе болмайды! Өз өміріңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!