Шымкентте бірнеше мөлтекаудандар жарықсыз қалды
Шымкентте бірнеше мөлтекаудандар жарықсыз қалды
144
оқылды
Шымкенттің №110/10 «Самал» қосалқы стансасында электрқондырғылар және кабельдердің қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан, деп хабарлады otyrar.kz. Апат салдарынан қаланың 21 мың абоненті («Нұртас», «Нұрсәт», «Шымсити», «Нюсити АДЦ», «Солтүстік-Батыс», «Самал-3», «Асар» шағынаудандары, Көкжайлау ТК, Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлер) жарықсыз қалды. Өрт орнына Төтенше жағдайлар департаментінің  27 жеке құрамы 5 техникамен жұмылдырылған. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндіріліп, электр жарығын қайта қосу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына қала әкімі Мұрат Әйтенов барып, тұрғындарға жарықтың жылдам берілуін қадағалауда. Шұғыл іс-қимылдың арқасында «Нұртас», «Шымсити», «Нұрсәт», ӘІО, “Солтүстік-батыс”, “Ақжайық” шағын аудандарына электр қуаты өзге қосалқы стансадан қайта берілген.