Торқалы тойдың тағылымы
Торқалы тойдың тағылымы
743
оқылды
Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дық мерейтойы «Астана Операда» Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі «Абай» операсымен ашылды. Алғашқы көр­­сетілімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мерейтойдың жалғасы іспеттес «Абай» операсы қыркүйек айында Мәскеудің Үлкен театрында қойылады.  Көрсетілім Ажар мен оның ға­шығы Айдардың Нарымбеттің ашулы туыстарынан жасырынуынан басталды. Сұлу Ажардың рөлін театр солисі, «Құрмет» орденінің иегері Айзада Капонованың дебюті еді. Жастайынан атастырылған Ажар бола­шақ күйеуі аяқастынан қайтыс болып, оны әмеңгерлікпен Нарымбетке беретіні бәріне белгілі. Қос ғашықтың Абай ауылына жетпей, қуғыншыларға ұсталар кезі сипатталады. Айдардың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш сомдайды.  Жанкешті жағдайға түскен ол, көмекке өзінің ұстазы Абайды шақырады. Ал басты Абай партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев орындайды.  width= Сол кезде Абаймен бірге Айдар­дың достары – Көкбай, Абайдың туысы әрі ақсүйек өкілі Әзім жә­не басқалары келеді. Осы арада екеуа­ра шық­қан дау тартысқа ұла­сып, шие­ленісе түседі. Айдар мен Ажарды босатып алғанымен, Абай Жиреншемен (Талғат Ғалеев) ұстасып қалады. Жиреншенің Әзімді азғыруы, ұстазы Абайдың ше­шіміне күмән келтіруі, жақын достың іштарлығы, қызғанышы, кіршіксіз махаббаты өлім мен өмірдің, жақсы мен жа­ман­ның аражігін ашып көрсет­кен­­­дей болды. Абай осы түнектің ішінде жал­ғыз, бірақ оның күш-қуаты мұқалмақ емес, жүрегінен шыққан отты жырлары мәңгілік ел жолына сәулесін шашып, туған халқына жөн сілтеумен аяқталды. Осы сезімнің бәрін солистер өзіндік интерпретация арқылы ұсынған. Оның арасында Әзім – Бейімбет Таңарықов, Қарлығаш – Салтанат Мұратбекова, Көкбай – Ержан Саипов, Сырттан – Болат Есімханов, Нарымбет – Ерұлан Камел, Мес – Шыңғыс Расылхан. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры халықаралық байқаулардың лау­реаты Руслан Баймурзиннің жетек­шілігімен өнер көрсетті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында жазғандай, бір жағынан Абайды біліп, игеру ғана емес, келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауға тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Сон­дықтан біз Абайдың ойынан да, тойы­нан да тағылым алуымыз керек. Ол жағынан біздің ұжым 2015 жылдан жұмыс істеп келеді. Бұған дәлел, Мұхтар Әуезовтің либреттосына сах­наланған «Абай» спектаклінің пре­мьерасы сол жылдың қыркүйек айын­да болды. Себебі осы қойылым еліміз­дің халықаралық аренадағы «визит­ный карточкасына» айналған. Мысалы, осы шығарманы «Астана Опера» ұжымы алғаш рет Италияда қазақ тілінде қойған,  – дейді «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.   Анар ҚОНЫС