Алматыда 19 жастағы қыздың денесі табылды
Алматыда 19 жастағы қыздың денесі табылды
163
оқылды
19 наурызда жоғалып кеткен алматылық Аяжан Еділованың мәйіті табылды, деп хабарлайды ktk.kz. Алматы полициясы күдіктіні ұстады. Аяжанның әпкесі полицияға 2021 жылдың 20 наурызында сіңлісі жоғалып кеткенін айтқан.
"Хабар-ошарсыз кеткен адамды тауып, оның жоғалу жағдайларын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу іс-шарасы барысында қыз жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездеспек болғаны анықталды, онымен әлеуметтік желілерде танысқан. Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған күдікті ұсталды. Қылмыс жасаудың себебі мен тәсілін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",  –  деді Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.