Елордада 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды
Елордада 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды
184
оқылды
Елордалық мейрамханалардың бірінде 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды, – деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Өткен демалыс күндері, сол сияқты 20 және 21 наурызда мобильді топтар елорданың төрт ауданында орналасқан 10-нан астам мекемеде карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтаған. Байқоңыр ауданында орналасқан "Porta fortuna" мейрамханасында 20 наурызда 200 қонақтың қатысуымен корпоративтік кеш өткізілді. Қала санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс режиміне қарамастан "Рыба моей мечты" караоке залы және "Шашлыкофф" гриль бары келушілерге сағат 22.00-ден кейін де қызмет көрсеткен. Есіл ауданындағы "ALANYA" караоке-мейрамханасы да осындай бұзушылыққа жол берді. Алматы ауданында үш қоғамдық тамақтану нысаны - "The Dubliner", "Спасибо пацанам" және "Чим-чим" кафелері жұмыс режимін бұзған. 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймаққа орналасқан.