СҚО-да биыл қар қалыңдығы нормадан 3 есе көп
СҚО-да биыл қар қалыңдығы нормадан 3 есе көп
142
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында биыл қардың орташа қалыңдығы 39 см-ге жеткен. Кей жерлерде 60 см асып кеткен,– деп хабарлады inform.kz. «Қазгидромет» РММ СҚО филиалының мәліметінше, 2020 жылдың 20 қарашасы мен 2021 жылдың 20 наурызы аралығында өңірде қар 50 мм мен 169 мм аралығында жауған. Қалыпты жағдайда 51-97 мм аспауы керек. Яғни нормадан 67 % ауытқыған. Қазір СҚО-да қардың орташа қалыңдығы – 39 см. Қызылжар ауданы Налобино елдімекенінде 60 см дейін жетсе, Ақжар ауданы Талшық ауылының маңында қардың биіктігі 15 см аспайды.
«Көктемде күн жылынысымен қар еріп, ол сумен қанығады. Биыл қыс былтырғымен салыстырғанда суық болды. Осыған байланысты 20 наурыз күні тек Талшықтағы метеостансада ғана қардың сумен қаныққанын байқадық. Былтыр мұндай жағдай 8 пунктте байқалған еді»,– дейді филиал қызметкерлері.