Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланды.
Осыған байланысты 19 наурызда Премьер-Министр Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» № 62-ө өкімге қол қойды.
Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген.