Елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды
Елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды
159
оқылды
Қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылды,– деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 23 наурызда сағат 14:30-да ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, бұрқасын, шектеулі көріну) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан қ. – Петропавловск қ.» «Нұр-Сұлтан қ. – Щучинск қ.» тас жолының 18-231 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық. Сағат 12:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» «Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы» жолының 19-180 шақырымы аралығы автокөліктің барлық түрлеріне жабық. Сағат 12:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан-Павлодар» республикалық маңызы бар тас жолының 16-200 шақырымы аралығында «Нұр-Сұлтан қ.– Ерейментау қ.– Шідерті кенті» автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Сағат 10:45-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көріну) «Нұр-Сұлтан қ. – Қабанбай Батыр а. – Киевка кенті. – Теміртау қаласы» 16-51 шақырымы аралығы «Нұр-Сұлтан қ. – Қарағанды облысының шекарасы» тас жолы автокөліктің барлық түрлеріне жабық.