«Грэмми» сыйлығын жеңіп алған Иманбектің әкесі марапатталды
«Грэмми» сыйлығын жеңіп алған Иманбектің әкесі марапатталды
166
оқылды
Ақсу горнизонының басшылығы Наурыз мейрамы қарсаңында азаматтық қорғаныс саласының ардагері Марат Сүлейменовке департаменттің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесінің атынан I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін табыстады,– деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Марат Зейкенұлы Сүлейменов 1996 жылдан бері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта «Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесінде аға прапорщик. Осы мекемеде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап істейді. Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің екінші және үшінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" ведомстволық медальдарымен марапатталған.