Елордада боран салдарынан автобустар қозғалысы тоқтатылды
Елордада боран салдарынан автобустар қозғалысы тоқтатылды
174
оқылды
Елордада боран салдарынан бірқатар бағытта қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтатылды.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 326, 310, 311, 321, 302, 307, 305, 312, 320, 304, 317, 318, 322, 308, 309, 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. 12 бағдар Арнасай, Сарытоғай және Беласар көшелеріне дейін жүрмейді»,– делінген CTS компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.
Бұған дейін елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылғанын хабарлаған болатынбыз.