ШҚО-да ер адам бұрынғы әйелін тонап кеткен
ШҚО-да ер адам бұрынғы әйелін тонап кеткен
5,168
оқылды
Наурыз айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 27 жастағы қала тұрғыны хабарласып, сағат 00:00 шамасында бұрынғы күйеуі үйіне келіп, сөмкесінен 50 мың теңге ұрлап кеткенін хабарлаған.  Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Катонқарағай ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.