Екібастұзда әйел адам терезеден құлап кетті
Екібастұзда әйел адам терезеден құлап кетті
5,170
оқылды
Екібастұзда 55 жастағы әйел үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, – деп хабарлады Pavlodarnews.kz. Оқиға Мәшһүр Жүсіп көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан үйде орын алған. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы шақырудан екі минут өткен соң болды. Дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, оның мас күйінде екенін анықтады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, әйел адамның оң жамбасының үштен бір бөлігі сынған. Ол Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.