Елордада әуежай уақытша жабылды
Елордада әуежай уақытша жабылды
150
оқылды
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері тоқтатылды.
«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы сағат 16:30-дан 20:00-ге дейін қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жабылды. «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» әуе рейсі елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты қосымша аэродромға - Қарағанды қаласына ұшып кетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Кейінірек Әнуар Шалекенов елорда әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін түнгі сағат 00:00-ге дейін жабық болатындығын хабарлады. [caption id="attachment_122204" align="alignnone" width="740"] width= Фото: Tengrinews[/caption]