11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5,087
оқылды
Еліміздегі 11 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Түнде кей жерлерде көктайғақ болады, бұрқасын соғуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады, тәулік бойы тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде 23-28   м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с-қа күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік шығыстан, шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 18 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді.