«Қапшағай-Бақанас» жолындағы апат: 4 адам көз жұмды
«Қапшағай-Бақанас» жолындағы апат: 4 адам көз жұмды
199
оқылды
«Қапшағай-Бақанас» тасжолында көлік апатынан 4 адам көз жұмды. Оқиға бүгін сағат 14:15-те болды, деп хабарлайды Inform.kz Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған қайғылы жағдайды растаған. «Toyota Land Crusier» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Mark 2» көлігіне соғылған. Оқиға орнында «Toyota Mark 2» көлігінің үш жолаушысы және «Toyota Land Crusier» көлігінің жүргізушісі мерт болды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен «Toyota Land Crusier» жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.