18 мың теңгеге әлемнің қай еліне ұшуға болады?
18 мың теңгеге әлемнің қай еліне ұшуға болады?
256
оқылды
Әбу-Даби - Алматы мен Нұр-Сұлтан - 18 мың теңгеден бастап Венгриялық лоукостер Wizz Air әуекомпаниясы Әбу-Даби және Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында жаңа рейстерді іске қосады. Рейстер биыл мамырдан бастап аптасына екі рет ұшады. Алматыдан аптасына екі рет  - дүйсенбі және жұма күндері, Нұр-Сұлтаннан бейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Бір бағытқа билет бағасы 34,99 еуродан басталады (17 425 теңге). Қол жүгінің көлемі 40x30x20 см. - ден астауы керек. Қазақстандықтар Бірікке Араб Әмірліктерінде 90 тәулікке дейін визасыз жүре алады. Түркістан - Стамбұл - 39 999 теңгеден басталады Отандық Fly Arystan лоукостері 21 наурызда алғашқы халықаралық рейсін орындады.  Енді Түркістанан Стамбұлға жұма және жексенбі күндері ұшады. Билет құны бір бағытқа 39 999 теңгеден басталады. Лоукостердің желідегі парақшасындағы мәлімет бойынша, 21 сәуірден бастап Стамбұлға рейстер үш рет - сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады. Түркияға ұшатын жолаушылар 72 сағат бұрын мына сілтемеге өтіп, форманы толтыруы керек. Толтырылған сауалнаманы басып шығарып немесе телефонға жүктеу қажет. Сауалнаманы әуе компания қызметкеріне әуежайда ұсыну керек. Жолаушыға салмағы 5 келіге дейін сөмке (56х23х36 см.) алуға рұқсат етілген. Айта кетейік, қазақстандықтар Түркияда 30 тәулік визасыз жүре алады. Қазақстанға ұшып келетін жолаушылар назарына! Қазақстанға келетін жолаушыларда COVID-19 сынағының теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болуы керек (анықтама нәтижесі шыққан күннен бастап ҚР-ның шекарасынан өткен уақытқа дейін 3 күнге жарамды). Қазақстанның аумағында тұруға құқы бар шет ел азаматтары теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасынсыз ұшу әуежайынан бортқа жіберілмейді. 5 жасқа дейінгі балалардан анықтама талап етілмейді.