24 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Монғолия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 176 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 133 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 43 Қазақстан азаматында тиісті құжат болмаған.
Ақтау әуежайына – 3 рейс (барлық 471 жолаушы анықтамамен келген);
Орал әуежайына – 1 рейс (барлық 50 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 23 наурызда шет елден анықтамасыз келген 32 Қазақстан азаматының екеуінен коронавирус анықталды: бір жолаушы Ыстамбұлдан Алматыға, бір жолаушы Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген.