Премьер-Министрдің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.
2013-2016 жж. Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.
2016-2018 жж. АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.
2018-2019 жж. — Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі.
2019 жылдың тамыз айынан бастап Премьер-Министрдің кеңесшісі.