Нұр-Сұлтанда карантин қайта күшейтіле ме?
Нұр-Сұлтанда карантин қайта күшейтіле ме?
246
оқылды

Астанада коронавирусқа шалдыққандар саны көбейді.

«Карантинді күшейту мәселесі қаладағы жағдай нашарласа қарастырылады. Қазір коронавируспен ауырып жатқандар көбейіп жатыр. Бірақ эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрған жоқ. Егер қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарласа, әрине, қоғамдық орындарда белгілі бір шектеу енгізілетіні жөнінде қаулы шығару мәселесі қаралады», – деді Сархат Бейсенова.

Астанада коронавируспен күресу үшін 11 стационар ұйымдастырылды. Оның ішінде, 10 инфекциялық, бір карантиндік стационар бар. Қосымша үш жерде 300 орындық стационар ашылуы мүмкін.