Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) кәсіпқой рингте қанша қаражат тапқанын және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (55-1-2, 37 КО) болған кездесулерінде қанша сыйақы алғаны туралы айтты, - деп жазады vesti.kz.
"Қаржысының 90 пайыздан астамын Головкин Сауль Альвараспен болған екі кездесуде тапты. Естуімізше, Головкиннің өз капиталы қазір 30-35 миллион доллар шамасында деп бағалануда. Ал "Канеломен" болған екі кездесу оның қалтасына 37 миллион доллар әкелген.
Альварес түрік Авни Йылдырыммен болған соңғы кездесуінде 20 миллион доллар сыйақы алды. Британдық Каллум Смитпен өткен жекпе-жекте де сол шамалас табыс тапқан" - дейді Флауэрс.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесулер АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 2017 және 2018 жылдары өткен болатын. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.