Ердоғанның жеке дәрігері, түрік депутаты Анкарада емделген қазақстандық сәбиді әуежайға келіп, өзі шығарып салды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook желісінде хабарлады.
«Бұдан бұрын қазақстандық егіз сәби туралы жазған болатынбыз. Міне бүгін бөпелердің Анкарадағы емі аяқталып, әуежайдан шығарып салдық. Сәбидің Анкарадағы емделуіне қолғабыс көрсеткен түрік депутаты Реджеп Шекер мырзаға тағы бір мәрте мың алғыс. Реджеп мырза аэропортқа өзі келіп шығарып салды», – деп жазды елші.
[caption id="attachment_123046" align="alignnone" width="750"] Фото: Anadolu[/caption]
Реджеп Шекер – Караман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жеке дәрігері. Ол өзімен бірге Бішкектен Стамбұлға ұшып келген қазақстандық нәрестеге шұғыл көмек көрсеткенін жазған болатынбыз.