Оқушыларды 40 минут бойы бетперде тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингте айтылды.
«Еліміздің бас санитар дәрігерінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы «жасыл» және «сары» аймақтағы мектептерге ғана қатысты. Осыған байланысты «Сыныпта бетперде тақпай отыруға болады» деген шешімнің «қызыл» аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ», – дейді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Тамақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рақымжанова. «Тамақтанатын жерде бетперде шешіп отыруға болатыны сияқты, сабақ оқып отырған кезде де бетперде шешіп отыруға болады. Біріншіден, әр сабақ әрі кетсе 40 минутқа созылады және әр пәннен кейін үзіліс болып отырады», – дейді ол.Исмаил ҚУАНЫШ