Мүйіздеріне іліп плакатты,
Ереуілге шықты ешкілер,
Соңына ертіп бір-екі лақты.
– Запырандай зарымыз бар,
Зарлатпай таныңыздар.
Аналық боламыз деп аздық,
Ішіміз шермиіп,желініміз салақтап.
Текелер тыным бермейді жалақтап.
Жыныс мүшемізді өзгертіп,
Теке болуды ұйғардық.
Жылына бір, кейде екі туып,
Әбден қиналдық.
Өз өмірімізден өзіміз,
Оллаһи жиренеміз.
Текелер сияқты,
Тіліміз салақтап,
Бақылдауды да үйренеміз.
Қоятын талабымыз осындай,
Бізді түсініңіздер,
айдаладан шошынбай.
***
Мәссаған,
Табақ болам деп шіренетін шығар,
Көже құятын тостаған.
Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ,
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы,
Төретам кенті