Спортшылар саудагерлерден ақша талап еткен
Спортшылар саудагерлерден ақша талап еткен
173
оқылды
Атырауда облыс орталығының базарларында рэкетпен айналысқан жергілікті спортшылардың соты аяқталуда. Оларды былтыр маусымда Атырау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері қолға түсірді,– деп хабарлады azh.kz. Тергеу барысында анықталғандай, бес адамнан құрылған топ суық қару пайдаланып, Оңтүстік Қазақстаннан келген «Дина» және «Көктем» базарларындағы сатушылардан өлтіремін немесе тауарды өртеп жіберемін деп қорқытып, ақша бопсалаған. ҚР ҰҚК хабарлағандай, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары «ұрылардың» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың сыбайластарымен байланыста болған. Ұстағаннан кейін олардан үш атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. ҰҚТ-ның үш қатысушысы тергеу изоляторларына қамалды, ал екеуі қорғану құқығы бар куәгер ретінде жауапталды. Қазір қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Сотта 5 жәбірленуші мен 15 куәгер жауап берді – олардың көбі сатушы. «АЖ»-ға облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, сот талқылауы аяқталуға жақын.