Алматыда карантин ұзартылды
Алматыда карантин ұзартылды
145
оқылды
Алматының бас санитар дәрігерінің «Алматы қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы» қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтарды құруға рұқсат берілді. Қаулы бойынша келесідей шектеулер енгізілді:
  • Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;
  • қасиетті Рамазан айы кезінде бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады;
  • жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізу;
  • дінбасылардың басшыларына Діни қызметшілер мен басқа да персоналды бетперде мен қолғап қорымен қамтамасыз етілсін, сондай-ақ жамағатпен жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті;
Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады.