Батыс Қазақстанда оқушылар жазғы демалыста 42500 теңге таба алады
Батыс Қазақстанда оқушылар жазғы демалыста 42500 теңге таба алады
308
оқылды
Батыс Қазақстан облысында жасы 14-тен асқан оқушылар жазғы демалыста айына 42 500 теңгеден ақша таба алады, деп хабарлады sputnik.kz. Бұл бастама "Менің аулам – менің бақшам" жобасы аясында іске асырылмақ. Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының 12 ауданының мектептері осы идеяға қолдау білдірген. Оқушылар ата-анасы келісім берген жағдайда жаз бойы бау-бақшада еңбектенеді. "Жобаға қаланың жеті мектебі қатысады. Оқушыларға үш ай демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы 120 оқушыға 42 500 теңге төлейді", – деді қалалық білім бөлімінің қызметкері Тұрсын Теміршеева.