Алматы әкімі: Қала жабылмайды
Алматы әкімі: Қала жабылмайды
5,171
оқылды
Қала әкімі жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беру барысында 12 сәуірге дейін қабылданған карантиндік шаралар кәсіпкерлермен тыңғылықты талқыланып жатқанын және эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. «Ең бастысы, жұмысына адал кәсіпкерлер карантиндік шектеулерге түсіністік танытуда. Егер қаламызда коронавирус өрши түсіп, жағдай бақылаудан тыс қалса, толық локдаун орын алуы әбден мүмкін. Алайда қазіргі таңда қаланы толықтай жабу көзделмеген», – дейді Бақытжан Сағынтаев. Сонымен қатар, Алматы әкімі қоймаларда, дәріханалар мен стационарларда дәрілік препараттардың жеткілікті қоры бар екенін хабарлады. Құрылған Тұрақтандыру қоры шеңберінде фармацевтикалық компаниялар 68 атау бойынша 48 млн.-нан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырды.