2022 жылғы футболдан Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында кездескен Қазақстан мен Франция арасындағы ойын аяқталды. Француздар 0:2 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 75 минутында Қазақстан құрамасының қорғаушылары қақпаның дәл алдында Мбаппені шалып құлатады. Төреші белгілеген айып соққысын Килиан Мбаппенің өзі соғуға бел буады. Алайда әлемнің ең қымбат футболшысы қақпашы Мокиннен айласын асыра алмады.
Ойынның соңына дейін Мокин француздардың бірнеше қауіпті соққысын қайтара алды. Қазақстан құрамасы ойыншылары қарсылас қақпасына бірде-бір тура соққы жасай алмады.