Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» шахтасынан өрт шықты,– деп хабарлады sputnik.kz.
ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында өрт шыққаны туралы хабарлама 28 наурыз күні сағат 15:36-да келіп түскен.
"Аумақта технологиялық кешеннің 2 галереясында транспортер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған. +24 және +27 метр биіктіктегі 2 галерея құлады",– деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 16:53-те сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 350 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.